Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы

6225
Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев

Мейірхат Қасымбаев 1980 жылдың 21 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығының иесі. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған.

Еңбек өтілі:

11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Ол ауылдан келген оқушыларға қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу