Молдағалиев Бауыржан Есқалиұлы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы
86 23.09.26, 15:25
Бауыржан Молдағалиев Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бауыржан Есқалиұлы Молдағалиев 1989 жылы Жетісу облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (бакалавриат, магистратура, докторантура) бітірген, философия докторы (PhD).
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК мемлекеттік тіл аудармашысы болып бастаған.
2012–2013 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Философия және саясаттану институты» РМҚК Фарабитану және салыстырмалы зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.
2013–2016 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК философия бөлімінің ғылыми қызметкері.
2016–2017 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Талдау және ақпарат орталығы» РМК Медиа-талдау және құқықтық бағалау басқармасында қолданбалы әлеуметтік технологиялар бөлімінің жетекші сарапшысы.
2017–2018 жылдары – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Ақпараттық жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.
2018–2019 жылдары – Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығында сарапшы.
2019–2022 жылдары – Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығында консультант.
2022–2023 жылдары – Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2023–2026 жылдары – Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2026 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.