Мұхтаров Талғат Сәбитұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары. 

31481
 Мұхтаров Талғат Сәбитұлы

Талғат Мұхтаров 1966 жылы 5 наурызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған.  

Білімі:

1985-1987 жж. – ҚазССР ӘК шұғыл әскери қызмет.

1990 ж. – Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолы:

1992 жылдың қыркүйегі – 1994 жылдың қарашасы – ҚР Бас прокуратурасының әскери прокуратурасы органдарында қызмет еткен.  

1996 жылдың тамызы – 1997 жылдың желтоқсаны – ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында қызмет еткен.  

1997 жылдың желтоқсаны – 2011 жылдың қыркүйегі – ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында тергеуші, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары болған.  

2011 жылдың қыркүйегі – 2014 жылдың сәуірі – ҚР қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің басшысы.

2014 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары.  

Басқа қызметтері:

2016 жылдың 20 мамыры – 2019 жылдың 22 сәуірі -  Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл.   

2019 жылдың 22 сәуірінен – Қазақстан Республикасы Қорғаныс Қауіпсіздігі Кеңесі және әскери қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі.  

2020 жылдың 16 қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары.

2017 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағы берілген.   

Мемлекеттік наградалары:  II дәрежелі «Даңқ» ордені,  «Жауынгерлік ерлігі үшін», 15 ведомстволық және мерейтойлық медальдар, ҰҚК құрметті қызметкері, ҚР әскери ғылым академиясының құрметті мүшесі.   

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу