Мұқышев Мұрат Алтынғазыұлы

Қазақстан Республикасынан ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші 

1844
Мұқышев Мұрат Алтынғазыұлы

Мұрат Алтынғазыұлы 1983 жылы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында дүниеге келген.

Білімі:

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлыбританиядағы Бирмингем университетін бітірді.

Еңбек өтілі:

Дипломат мансабын 2006 жылы ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің референті болып бастады.

2007 – 2008 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі.

2009 – 2011 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы.

2011 жылы ҚР-дың Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы.

2011 – 2012 жылдары ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.

2011 – 2012 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің екінші хатшысы.

2013 – 2014 жылдары ҚР парламенті Сенаты Аппаратының халықаралық комуникациялар және хаттама бөлімінің бас консультанты.

2014 – 2015 жылдары Пекин қаласындағы ШЫҰ Хатшылығы жанындағы ҚР-дың Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы.

2015 – 2016 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2016 – 2018 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2018 – 2019 жылдары ҚР СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаменті ШЫҰ басқармасының басшысы.

2019 – 2020 жылдары ҚР СІМ ШЫҰ қызметі жөніндегі Ұлттық үйлестіруші басқармасының басшысы.

2020 – 2021 жылдары ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті директорының орынбасары.

2021 – 2023 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2023 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 6 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасынан ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды.

І сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесіне ие.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу