Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
1379 08.05.26, 10:24
Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев 1966 жылғы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Алматы халық шаруашылығы институтын 1989 жылы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын 1999 жылы тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданы Жамбыл ауылында экономист қызметінен бастаған.
1990–1993 жж. Сырдария ауданының өнеркәсіптік бірлестігінде экономист, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
1993–1996 жж. «Әлем Банк Қазақстан» АҚ-да кредит маманы, кредит бөлімінің бастығы, басқарма бастығы орынбасары қызметтерін атқарды.
1996–1997 жж. Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі болды.
1997–1998 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында білім алды.
1998–2001 жж. Халық банкінің Қызылорда облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.
2002–2004 жж. Қызылорда облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары болды.
2004–2006 жж. Қызылорда қаласының қаржы бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2006–2008 жж. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болды.
2008–2010 жж. Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарды.
2010–2011 жж. Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы болды.
2011–2013 жж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарды.
2013–2014 жж. Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі болды.
2014–2015 жж. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2015–2017 жж. «ҚазАгроӨнім» АҚ аппарат басшысы болды.
2017 жылы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2017–2021 жж. Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі болды.
2021–2023 жж. Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылғы наурыздан бастап «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болды.