Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі 

5699
Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы 15 қазанда дүниеге келген. 

Білімі:

1991 ж. - В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын  «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.   

1996 ж. - Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1990-1991 жж. - «Универсал» кооперативінің жұмыскері.

1991-1992 жж. - «Құралай» ШК жетекші инженері.

1992-1993 жж. -  Алматыдағы «Алма»  бизнес-кооперацияаралық салалық қауымдастықтың маркетинг жөніндегі жетекші маманы.

1993 жылдың қаңтар-қазаны - «Алма» сауда-коммерциялық фирмасының коммерциялық директоры.

1993-1995 жж. - «Райымбек» фирмасының менеджері, бас директордың орынбасары

1995 ж. -  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шетел капиталын пайдалану комитеті шетелдік көмекті үйлестіру бюросының жетекші маманы, жан-жақты көмек секторының бас маманы.

1995-1996 жж. -  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Шетел капиталын пайдалану комитеті аппараттарының жұмысын ұйымдастыру Кеңсесінің жұмылдыру, арнайы жұмыс және бақылау секторының бас маманы.

1996-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі. 

Январь – март 2000 г. - советник министра государственных доходов Республики Казахстан.

2000 жылдың наурыз-маусымы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаменті директоры міндетін атқарушы.

2000-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаменті директоры.

2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары .

2003-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру әдіснамасы мен жетілдіру бағдарламасын іске асыруды бақылау бөлімінің бастығы, министрдің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі.

2004 жылдың ақпан -маусымы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы.

2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице – министрі.  

2005-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы.

2008 жылдың наурыз-қарашасы - «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ басқарушы директоры.

2008 жылдың қарашасы – 2012 жылдың қарашасы - басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ  аппаратының басшысы.

2012 жылдың қарашасы – 2015 жылдың ақпаны -  «Спорттық жекпе-жек және күш спорт түрлері конфедерациясы» ФА-да ЗТБ бас директоры.

2015 жылдың ақпаны – 2019 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі.

2019 жылдың  29 қаңтарына – 2020 жылдың 6 мамыры - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы.

2020 жылдың 6 мамырынан - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі.

Басқа қызметтері:

2017 жылдың қаңтарынан – Азия киберспорт конфедерациясы вице-президенті.  

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі   

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу