Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы
ҚР Туризм және спорт министрі
1173 03.09.26, 14:00
Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.
2006-2018 жж. – «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.
2018-2020 жж. «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.
2020-2021 жж. – «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.
2021 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.
2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап Туризм және спорт министрі болды.
2026 жылдың 3 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды.