Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары 

13687
Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы

Мәлік Мырзалин 1971 жылы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған. 

Білімі:

1996 ж. – Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

2000 ж. – Ресей  сыртқы істер министрлігі жанындағы басқарушы құрамдағы дипломаттарға арналған халықаралық курстардан өткен. 

2006 ж. – Йельск университетінің (АҚШ) менеджмент мектебін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолы:

1996-2004 жж. – Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, протокол мен сыртқы саясат бөлімдерінің басшысы.

2004-2006 жж. –  Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы әкімінің аппарат басшысы.

2006-2007 жж. –  Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007-2008 жж. –  Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2008 жылғы қараша мен 2009 жылғы жектоқсан аралығында Астана қаласындағы «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары.

2010 жылғы сәуір-мамыр аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі. 

2010 жылғы мамыр мен 2011 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы.

2011 жылдан 2013 жылғы шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы болған.

2013 жылғы шілде айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін-  Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2017 жылдың қаңтар-наурызы – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары. 

2017 жылдың 14 наурызынан – 2019 жылдың 19 наурызына дейін – Ақмола облысынің әкімі. 

2019 жылдың 19 наурызынан – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары   

Басқа қызметтері:

2017 жылдың 17 сәуірінен – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. 

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу