Надыров Камалжан Талғатұлы
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы
20219 15.03.21, 11:00
Камалжан Надыров 1983 жылы Алматыда туған.
Білімі:
2006 ж. – С. Д. Асфендиярова атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін «емдеу ісі», уролог-андролог дәрігер мамандығы бойынша бітірген.
2009 ж. – «Тұран» университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Дипломдық жұмысының тақырыбы: «Қазақстандағы медициналық сақтандырудың қазіргі жағдайы және даму келешегі».
2014 ж. – МВА магистратурасын «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдарда Duke University, The Fuqua School of Business (АҚШ), Parkway College (Сингапур), Florence Nightingale клиникалар тобы (Түркия), Oxford Social Health Insurance system (Германия) оқу орындарында оқыған.
Еңбек жолы:
2007-2014 жж. – клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б. У. Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында бас директордың орынбасары.
2014-2016 жж. – денсаулық сақтау министрлігінің құрлымында медициналық қызметтерді стандартизациялау департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жж. – Республикалық диагностикалық орталықты басқарып – University Medical Center филалының директоры болды.
2017-2018 жж. – Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2018 жылдың наурызынан – 2019 жылдың наурызына дейін – Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019 жылдың 27 наурызынан – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі.
2020 жылдың 21 сәуірінен – 2020 жылдың 19 қазанына дейін- Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2021 жылдың 15 наурызынан бастап - Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы