Намаев Бақытжан Біләлұлы
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
5790 01.04.20, 15:48
Бақытжан Намаев 1964 жылы туған.
Білімі:
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалы жалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастаған.
Әр жылдары жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда және «Батум мұнай терминалы» компаниясының бас директоры лауазымын атқарған.
2018 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
2019 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қызылорда облысы әкімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары.
2019 жылдың 23 сәуірінен – Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.