Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
7354 09.03.21, 19:00
Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы 4 тамызда дүниеге келген.
Білімі:
2007 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.
2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2007-2013 жж. – үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген.
2013-2014 жж. - БҚО Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы
2014-2016 жж. - Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2016-2017 жж. - БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы.
2017-2018 жж. - БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы.
2018-2019 жж. - ҚР Қоғамдық даму министрлігі, азаматтық қоғам істері Комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.
2019 жылдың қаңтарынан – 2021 жылдың наурызына дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылдың 9 наурызынан – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.