Наталья Годунова
ҚТЖ, Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
16272 09.04.24, 10:33
Наталья Годунова 1972 жылы 24 мамырда дүниеге келген.
Білімі:
1993 ж. – Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты, «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1993-1996 жж – «Орал» Агропромбанктің» экономисі.
1997-1998 жж – Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы, басшының орынбасары, басшысы.
1998-2004 жж - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының экономикалық реформалар бөлімінің бас маманы, меңгерушісі.
2004-2005 – Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.
2005-2006 – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің кеңесшісі-экономисі.
2006-2009 – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі.
2009-2012 - кеңесші, орынбасары, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілінің міндетін атқарушы.
2012-2013 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
2013-2015 жж - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2015-2017 – «Нұр Отан» партиясының хатшысы.
2017 жылғы желтоқсан – 2018 жылғы ақпан – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі.
2018 жылғы 20 ақпаннан бастап - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
2022 жылғы 28 қарашада – Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды.
Басқа лауазымдар:
2018 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның мүшесі.