Назгүл Ерікқызы Сағындықова
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
10144 14.06.22, 0:26
Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Білімі:
С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады.
2001-2005 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
2005-2018 жылдары — «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.
2018-2020 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы — Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі.
2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі — Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.
2022 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.