Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
7998 26.06.20, 17:30
Ғалымжан Ниязов 1973 жылы 14 сәуірде дүниеге келген.
Білімі:
2000 ж. - Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін бітірген.
2008 ж. - Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік және инжиниринг университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласында слесарь, кәсіпорынның жүргізушісі болып бастаған.
1991-2002 жж. – мұнай және құрылыс саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшы болған.
2002-2006 жж. – «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалында лицензиялық құжаттар аудиті және сараптамасы бөлімінің жетекші маманы, бас менеджері.
2006-2008 гг. - главный специалист отдела лицензии Управления государственного архитектурно-строительного контроля Мангистауской области.
2008-2012 жж. -Маңғыстау облысы құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013-2017 жж. -Қызылорда облысы құрылыс басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2014 жылдың тамызы – 2016 жылдың наурызы аралығында – Қызылорда облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы.
2016 жылдың наурызы – 2017 жылдың қарашасы - «СК-Фармация» ЖШС департаменті директоры.
2017 жылдың 24 қарашасынан – 2020 жылдың 6 маусымына дейін – Ақтау қаласының әкімі.
2020 жылдың 26 маусымынан - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары .
Мемлекеттік марапаттары: Қызылорда облысы әкімінің құрмет грамотасы.