Нұрғожин Марат Рахмалиұлы

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

5405
Нұрғожин Марат Рахмалиұлы

Марат Нұрғожин 1957 жылы 30 маусымда дүниеге келген.    

Білімі:

1980 ж. – Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін үздік бітірген, техникалық ғылымдар докторы, профессор.

Еңбек жолы:

1980-1982 гг. – Қарағанды политехникалық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер.

1986-1994 жж. – Қарағанды политехникалық институтында ассистент, аға оқытушы, ақпараттық технологиялар факультеті деканы, проректор.

1996-2004 жж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры. 

2004-2006 жж. – департамент директоры, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің аппарт жетекшісі. 

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің аэроғарыш комитеті төрағасы. 

2007 жылдың мамыр-маусымы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің кеңесшісі. 

2007-2008 жж. – «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2008-2013 жж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компания» АҚ бірінші вице-президенті.

2013-2016 жж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Президентінің міндетін атқарушы.

2016 жылдың тамыз-желтоқсаны– «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Президенті.

2016 жылдың 27 желтоқсаны – 2019 жылдың 6 сәуірі – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.   

2019 жылдың 6 сәуірінен - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу