Нүркенов Жомарт Жұмағалиұлы

 2019 жылдың 9 мамыр күні Петропавл- Нұр-Сұлтан автожолында  жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды.

4614
Нүркенов Жомарт Жұмағалиұлы

Жомарт Жұмағалиұлы Нүркенов 1974 жылы 3 сәуірде Астана қаласында дүниеге келген.  

Білімі:

1996 ж. -  Ақмола аграрлық университетін ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

2008 ж. -  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған, экономика ғылымдарының бакалавры.

Еңбек жолы:

1996-1998 жж. - Целиноград облысы Аршалы ауданы «Константиновский» ӨК бас мал дәрігері.

1998-1999 жж. - Ақмола облысы Целиноград аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімі эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі.  

1999-2002 жж. -  ҚР АШМ Целиноград аудандық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, ҚР АШМ Целиноград аудандық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары. 

2002-2006 жж. – Ақмола облысының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы.   

2006 ж. - ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, басшысы.   

2006-2013 жж. - Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. 

2013-2014 жж. - Атбасар ауданының әкімі.

2014-2016 жж. – Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі.   

2016 жылдың сәуірі -2017 жылдың наурызы - Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 

2017 жылдың наурыз-сәуірі – ҚР АШМ ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы. 

2017 жылдың сәуірі – 2018 жылдың ақпаны – қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы. 

2018 жылдың 21 ақпаны -2019 жылдың 10 сәуірі Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі.  

2019 жылдың 10 сәуірінен – Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселесі жөніндегі орынбасары.   

 2019 жылдың 9 мамыр күні Петропавл- Нұр-Сұлтан автожолында  жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды.