Нұрлан Нұрмұхамбетұлы Болатбаев

ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары   

24998
Нұрлан Нұрмұхамбетұлы Болатбаев

Нұрлан Нұрмұхамбетұлы Болатбаев 1986 жылы дүниеге келген.

Білімі:

2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.  

2010 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін (ҚОХУ) «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты (2021-2022).

Еңбек жолы:

2008 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жастар тәжірибесі бойынша мемлекеттік органдарда жұмысын бастаған.

2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2012-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде бас маманнан басшының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2019 жылғы қарашадан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2022 жылдың 11 шілдесінде - ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу