Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы
Атырау облысы әкімінің орынбасары
7571 26.01.21, 19:48
Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаев 1973 жылы 2 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген.
Білімі:
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (инженер-механик), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін (экономист) тәмамдаған.
1995-1996 жж. - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт.
1996-1999 жж. - Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник.
1999 ж. - Қызылқоға ауданының Мұқыр селолық округі әкімінің аппаратында маман.
1999-2001 жж. - Қызылқоға ауданы Мұқыр селолық округінің әкімі.
2001-2003 жж. - Қызылқоға ауданының коммуналдық меншік, көріктендіру, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
2003-2004 жж. - Құрманғазы ауданының Шортанбай селолық округінің әкімі.
2004-2006 жж. - Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің одан соң аталған ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы.
2006-2008 жж. - Мақаш селолық округінің әкімі.
2008-2012 жж. - Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2012 жылғы қазан - 2019 жылғы маусым - Индер ауданы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 5 маусымынан - 2021 жылдың 26 қаңтарына дейін - Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап - Атырау облысы әкімінің орынбасары.