Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы 

9450
Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы

Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  

Білімі:

Қазақ политехникалық институты.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, инженер-механик, заңгер мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолы:

1991-1998 жж. – мемлекеттік органдар құрылымында, атап айтсақ ҚР сыртқы экономикалық байланыс министрлігінде, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламенті істерін басқармасында және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген. 

1998-2004 жж. –  ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілдендіруі комитетінде әртүрлі қызметтер атқарған.

2004-2009 жж. –  Астана тұрғын үй департаментінің директоры, білім және ғылым министрінің кеңесшісі, әкімшілдік қамтамасыз ету департаменті директоры, ҚР білім және ғылым министрлігі аппаратының жетекшісі, аппарат басшысы, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі.

2009-2017 жж. – ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2017-2018 жж. –  ҚР энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары.

2018 жылдың наурыз - тамызы  – ҚР энергетика министрінің кеңесшісі.

2018 жылдың 10 тамызынан бастап – 2019 жылдың 25 маусымына дейін – ҚР энергетика вице-министрі.

2019 жылдың 25 маусымынан бастап -  Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу