Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1513
Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Фото: commons.wikimedia.org

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-де мұнай және мұнай өндірісі жөніндегі сарапшы қызметінен бастаған.

1998–2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2005–2007 жж. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2007–2008 жж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2008–2013 жж. Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі болды.

2013–2021 жж. Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарды.

2021 жылы Премьер-министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2022 жылдан бүгінге дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.

Марапаттары:

– «Құрмет» ордені (2011)
– «Парасат» ордені (2016)
– Қазақстанның құрметті құрылысшысы атағы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу