Нұрмолдин Дулат Нұрахметұлы
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы
6002 15.05.19, 13:03
Дулат Нұрмолдин 1967 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
Омбы ауыл шаруашылығы институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген. Заманауи гуманитарлық институтын (Мәскеу қаласы) юриспруденция бакалавры мамандығы, Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1984 жылғы маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Ленинский ауданы «Образцовый» кеңшарының жұмысшысы болып бастады.
1992-1998 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы бойынша Салық комитетінде халық кірісіне салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы.
1998-1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы бойынша салық комитетінің жеке тұлғаларды салықтық тексеру секторының меңгерушісі.
1999-2000 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің салықтық тексеру басқармасының жеке тұлғаларды салықтық тексеру бөлімінің басшысы.
2000-2002 жж. - Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер министрлігінің салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.
2002-2008 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.
2008-2010 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы.
2010-2014 жж. - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитетінің Ақмола облысы бойынша салық департаментінің басшысы.
2014-2015 жж. – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2015-2019 жж. - Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.
2019 жылдың 15 мамырынан - Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы.