Нұрмұханов Бақыт Маратұлы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары
6149 10.01.23, 16:43
Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
2002-2003 жж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы;
2003-2011 жж.– заң бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас сарапшысы, бас консультанты, құқықтық сараптама департаментінің талдау жұмысы секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі төрағасының кеңесшісі;
2011 жылы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (2013 жылы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінен қайта тағайындалған);
2008-2017 жж. – Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның, Венеция комиссиясының байланыс жөніндегі қызметкері, сырттай;
2017-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының жетекшісі;
2022 жылы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.
2023 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтары:
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2012 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Қазақстан Республикасы 25 жыл» мерекелік медальдары. », «Қазақстан республикалық прокуратурасы 25 жыл».