Нұрпейісов Асат Болатұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары

2659
Нұрпейісов Асат Болатұлы Фото: gov.kz

Нұрпейісов Асат Болатұлы 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.

Білімі:

2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолы:

2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген.

2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы.

2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2023 жылғы 5 қаңтарда Президент өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу