Нұртілеуов Мұрат Әбуғалиұлы

Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі 

29008
Нұртілеуов Мұрат Әбуғалиұлы

Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған.

Білімі:

1998 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дың «халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген.

Дипломаттың рангы – бірінші санаттағы кеңесші.

Еңбек өтілі:

1998-1999 жж. – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт.

1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі.

2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жж. – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 ж. – ҚР парламенті сенаты аппарат басшысының орынбасары.

2007-2011 жж. – ҚР праламент сенаты аппаратының басшысы.

2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, ҚР сыртқы істер министрілігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011-2014 жж. – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі.

2014-2016 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстиан Республикасының Финляндия, Эстония Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2019 жылдың 24 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2021 жылғы 25 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы 5 қаңтарда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 1 ақпаннан Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2023 жылғы 3 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, медаль.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу