Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі  

18940
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы

Біржан Нұрымбетов 1968 жылы дүниеге келген. 

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің "Механика және қолданбалы математика" факультетін механик, математик-қолданбашы мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясының  «Қаржы» факультетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1993-1996 жж. -  Жамбыл қаласы Салық инспекциясы салық инспекторы.

1996 ж. - Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі.

1997-2008 жж. - Жамбыл облысы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғау секторының меңгерушісі-Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры.

2008-2009 жж. - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы.

2009-2012 жж. -  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2012-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары. 

2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 

2017-2019 жж. – ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары. 

2019 жылдың 20 тамызынан - Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу