Нұрышев Шахрат Шакизатұлы
Қазақстан Республикасы сыртқы істер бірінші вице-министрі.
8547 04.10.19, 21:16
Шахрат Нұрышев 1972 жылы 20 маусымда дүниеге келген.
Білімі:
1995 ж. – Бейжің тіл институты.
1996 ж. – Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
2012 ж. - Назарбаев Университеті.
Еңбек жолы:
1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Азия басқармасының референті.
1997-1999 жж. - ҚР СІМ Үрімжі қаласындағы атташесі, төлқұжат-виза қызметінің үшінші хатшысы.
2004-2005 жж. - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығы.
2005-2007 жж. - ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінде кеңесші, ҚР-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығы жанындағы ҚР тұрақты өкілі.
2008 ж. - ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінің кеңесші-елшісі.
2008-2015 жж. - Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. Дипломатиялық шені - ІІ класты кеңесші. ҚР Шанхай ынтымақтастық ұйымы мәселелері бойынша ұлттық үйлестірушісі.
2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
2019 жылдың 4 қазанынан – Қазақстан Республикасы сыртқы істер бірінші вице-министрі