Олжабеков Мәлік Серікұлы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
6001 01.09.21, 18:29
Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі:
КИМЭП университетін (бизнес әкімшілігі, бакалавр), аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құқықтану, магистр), Назарбаев Университетін (мемлекеттік басқару, магистр) бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.
2012-2017 жж. — «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2017-2019 жж. — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.
2019 ж. тамыздан бастап 2021 ж. тамызға дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.
2021 ж. 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.