Омарбекова Жұлдыз Қажыкенқызы
Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
4288 10.04.19, 15:28
Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі:
2003 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолы:
1999-2000 жж. - «А1» телеарнасының жүргізуші-редакторы.
2000-2002 жж. - «Хабар» телеарнасында жүргізуші-редактор.
2002-2009 жж. - «Юникс-Тассай» компаниясының бренд-менеджері, маркетинг бөлімі басшысы, атқарушы директоры.
2004-2008 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің социология кафедрасының оқытушысы.
2010-2013 жж. - «Rating» зерттеу ортылығының президенті.
2004-2013 жж. - «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті.
2013-2014 жж. - Алматы қаласы мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары.
2015-2016 жж. - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары.
2018 жылдың қыркүйегі – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы қоғамдық даму вице-министрі.
2019 жылдың 10 сәуірінен – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
Басқа қызметтері:
2004 ж. - Қазақстан телевизиясында тұңғыш рет «31 канал» телеарнасында «Жақыныңа Жәрдемдес» әлеуметтік-телевизиялық жобасын құрушы.
2006 ж. - Қазақстандағы қайырымдылық туралы «Демеу» журналын шығарушы.
2007 ж. - «Алтын Журек» ерекше сыйлығын табыс ету салтанатының құрылтайшысы.
2010 ж. - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жылсайын берілетін «Самғау» қоғамдық сыйлығының алғашқы сыйлығының құрылтайшысы.
Президент жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат ісі жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.