Омаров Бауыржан Жұмаханұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
6111 08.04.19, 21:27
Бауыржан Жұмаханұлы 1962 жылы 1 мамырда дүниеге келген.
Білімі:
1986 ж. - С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.
1998 ж. - Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін, 2006 жылы Т,Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1979 жылы «Аралбалықөнеркәсібі» ӨБ-де жұмыскер болып бастаған.
1986-1994 жж. - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде тілші, аға тілші, аудармашы, бөлім меңгерушісі.
1994-1996 жж. - ҚазҰУ-да аға оқытушы.
1996-1997 жж. - Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры.
1997-1998 жж. - Қызылорда қалалық әкімінің орынбасары.
1998-2000 жж. - ҚазҰУ-да доцент, аға ғылыми қызметкер.
2000-2003 жж. - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі.
2001-2002 жж. – «Қайнар» университетінің профессоры.
2002-2003 жж. – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры.
2003-2005 жж. - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тілдерді дамыту департаменті директоры.
2005-2006 жж. - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тілдер комитетінің төрағасы.
2006-2009 жж. - «Литер-медиа» ЖШС атқарушы директоры, «Хабар» агенттігінде «Жеті күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.
2009-2010 жж. – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінде ақпарат және архив тер комитетінің төрағасы.
2010-2011 жж. – Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің тілдер жөініндегі комитет төрағасы.
2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі сеторы меңгерушісі.
2013 жылдың қаңтары- 2019 жылдың сәуірі - Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары.
2019 жылдың 8 сәуірінен – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.