Омаров Сапархан Кесікбайұлы

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі 

26047
Омаров Сапархан Кесікбайұлы

Сапархан Омаров 1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысында дүниеге келген.

Білімі:

1995 ж. – В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001 г. – Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген 

Еңбек жолы:

1985 ж. – Құрылыс және жол көліктерін жөндейтін Түркістан зауытыныда жұмыс істеген.

1995-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.  

1996-1998 жж. – Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

1998-2006 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-да басқарма бастығы, департамент директоры, басқарушы директор.

2006-2007 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2008-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011–2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.

2014 жылдың 4 наурызынан 2016 жылдың 3 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі.  

Басқа қызметтері:

2019 жылдың 29 сәуірінен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік нагардалары: «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Тыңға 50 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдары.

Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу