Омаш Серғазы Бағдатұлы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің экс-төрағасы
2937 08.05.19, 20:16
Серғазы Омаш 1979 жылы 16 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын , Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Фемида» заң академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2000-2001 жж. - Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша Салық комитетінің ақпараттық қамтамасыз ету және есеп бөлімінде салық инспекторы.
2001-2003 жж. - Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапхана процестерін автоматтандыру және әдебиетті өңдеу, толымдау бөлімінің кітапхана процестерін автоматтандыру секторының меңгерушісі, Қарағанды Қарағанды қаласында байланыс және ақпараттандыру басқармасында бас маман.
2003-2009 жж. - Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің шұғыл басқармасында техникалық қамтамасыз ету кезекші бөлімінің бас маманы, аға инженер.
2009-2011 жж.- Астана қаласы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының басшысы
2012-2015 жж. - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
2016-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылдың тамызы- 2019 жылдың тамызы аралығында – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы.