Өмірбаян: Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов

ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы 

1494
Өмірбаян: Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Фото: ашық дереккөз

Туған жылы: 1965 жылы 12 ақпан

Туған жері: Астрахан облысында (Ресей) дүниеге келген. 

Білімі: 1986 жылы Ташкент жоғары танк командалық училищесін тәмамдаған.  

Қызметін ГСВГ танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводының командирі болып бастады. Әр жылдары танк батальонының, танк полкінің, механикаландырылған бригаданың командирі болып қызмет етті. 

2006-2008 жылдары "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқару штабы бастығының орынбасары болды. 

2008 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 

2010 жылы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасының штаб бастығы болып тағайындалды. 

2013-2016 жылдары "Астана"өңірлік қолбасшылығының әскерлерін басқарды.

2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы 2021 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

2020 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағы берілді

  • ІІ-дәрежелі "Даңқ" ордені(2017)
  • Мерейтойлық медальдар
  • Еңбек сіңірген жылдары үшін медальдар
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу