Онжанов Нұрлан Баймолдаұлы
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
17080 14.06.22, 0:22
Нұрлан Онжанов 1960 жылы 25 қарашада Талдықорған облысында туған.
Білімі:
1983 ж. – Берлиндегі Гумбольдт атындағы университетін тәмамдаған. Филолог, неміс тілі мұғалімі. Бірінші санатты төтенше және өкілетті елші.
М.Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шет тілдері институтының аспиранты. Филология ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
1987-1992 жж. – зерттеуші-тәлімгер, М.Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шет тілдері институтының аспиранты.
1992-1994 жж. – жетекші, бас маман, Қазақстан Республикасы баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің ВСК бөлімі басшысы.
1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі, аппараты аға референті.
1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқарамасының бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Аустриядағы елшілігінің кеңесшісі.
1997-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігінің кеңесшісі.
2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаменті директоры.
2002 ж.– Қазақстан Республикасының ФГР-дағы елшілігі кеңесшісі.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Франкфурт-на-Майне қаласындағы бас консулы.
2003-2004 жж. – вице-министр –ТМД істері және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі комитет төрағасы, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасы атынан «Орталық – Азиялық ынтымақтастық» ұйымы жұмысының мәселелері бойынша ұлттық координатор.
2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі, Қазақстан Республикасы атынан «Орталық – Азиялық ынтымақтастық» ұйымы жұмысының мәселелері бойынша ұлттық координатор.
2007-2008 жж. –Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2008-2014 жж. – Қазақстан Республикасының ФГР-дағы төтенше және өкілетті елшісі. Дания королдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі.
2014 жылдың маусымынан– 2019 жылдың наурызына дейін – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2019 жылдың 21 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы.
2022 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, ҚР қорғаныс министрінің «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін» медалі; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медельдары; Қазақстан Республикасы президентінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы.