Оралмағамбетов Баубек Жеткергенұлы
Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы
4747 04.05.19, 11:51
Баубек Оралмағамбетов 1983 жылы 31 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
2006 ж. - Мәскеу авиация институтын бітірген.
Еңбек жолы:
2006-2010 жж. - Мәскеу қаласында М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығында инженер-конструктор
2010-2012 жж. - Мәскеу қаласында «Бәйтерек» Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өкілдігінде бас маман, бөлім басшысы.
2012-2014 жж. - ҚР Ұлттық ғарыш агенттінің Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директорының орынбасары, директоры.
2014-2015 жж. - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Жобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы.
2015-2016 жж. - «Ғалам» ЖШС бас директоры.
2016-2017 жж. – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы міндетін атқарушы.
2017-2019 жж. - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 4 мамырынан - Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы.