Оразалин Оңдасын Сейілұлы
Ақтөбе облысының әкімі
7255 17.06.19, 15:28
Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы туған.
Білімі:
1985 ж. – Ақтөбе педагогикалық институтын тәмамдаған.
1992 ж.- С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы:
1985-1986, 1987-1988 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.
1988-1990 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1990-1993 ж.ж. - жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.
1993-1999 ж.ж. - «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.
1999-2000 жж. - «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.
2000-2003 жж. - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.
2003-2004 жж. - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.
2004-2005 ж.ж. - Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.
2005-2006 жж. - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылдың наурыз - қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2014-2017 жж.- Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
2019 жылдың 26 ақпанынан – Ақтөбе облысының әкімі.
Мемлекеттік наградалары:
«Құрмет» орденімен (2008) және 3 мерейтойлық медальмен марапатталған.