Оразбаев Қайрат Құлымұлы

Атырау қаласының әкімі 

9435
Оразбаев Қайрат Құлымұлы

Білімі:

1987 ж. -  Қазан қаласының химия-технология институтын «мұнай өңдеудің химиялық технологиясы»  мамандығы бойынша бітірді

2010 ж. – Мұнай-газ бизнесі институтын «мұнай-газ бизнесі менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1979-1987 жж. – «Маңғышлақ- мұнайбарлау» кешенді экспедициясында оператор болып бастады. Кейіннен Мұнай өндіру басқармасында слесарь, В.И.Ленин атындағы Гурьев МӨЗ-інің № 3 цехында оператор.

1987-1996 жж. – № 1 цехтың алкилация қондырғысының бастығы, № 4 цехтың бастығы, эстакада бастығы, № 4 цех бастығының орынбасары, цех бастығы.

1996 ж. – «Лукойл АМӨЗ» АОЗТ Бас директоры.

1996-1997 жж.– Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі аппаратының Өндірісті дамыту бас басқармасы бастығының орынбасары.

1997-2001 жж. – «ҚазақОйл» ҰК-да Техникалық саясат департаментінің жетекші маманы.

2001-2007 гг. – «АМӨЗ» ААҚ салынып жатқан кәсіпорнының директоры - Дамыту жөніндегі Вице-президенті. «АМӨЗ» ЖШС күрделі құрылыс және дамыту жөніндегі директоры

2007-2012 жж. – өндірістік-техникалық және құрылыс қызметтерін басқарып – Бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Маркетингтік анализдеу департаментінің директоры, мұнай өңдеу және мұнай-химия дамыту жөніндегі директордың орынбасары.

2012-2013 жж. –  «АМӨЗ» ЖШС-нің Дамыту жөніндегі Бас директордың орынбасары, Бас директордың дамыту және модернизация жөніндегі бірінші орынбасары.  

2013-2016 жж. – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры.  

2018-2020 жж. - «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2020 жылдың 17 қаңтарынан – Атырау қаласының әкімі

Мемлекеттің наградалары:

«Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу