Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
7531 09.03.21, 12:50
Бекбол Тілеумұратұлы 1971 жылы Маңғыстау облысында туған.
Білімі:
1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін.
1998 жылы – Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінде, 2011 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған.
Еңбек жолы:
1993-1996 жж. - еңбек жолын Маңғыстау облысының кеден басқармасының «Баутино» кеден постының инспекторы қызметінен бастаған.
1996-1998 жж. - банк, салық, қаржы секторында түрлі қызметтерді атқарған.
1999-2005 жж. - Ақтау қаласы әкімдігінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы.
2005 ж. – Ақтау қаласы әкімдігінде әртүрлі қызмет атқарған.
2005 ж. - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2006-2019 жж. - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті бухгалтерлік есеп және адам ресурстары, ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
2019-2021 жж. - «Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылдың 9 наурызынан - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары .