Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
7191 08.05.19, 19:27
Ғалымжан Орынов 1975 жылы 16 қазанда дүниеге келген.
Білімі:
1996 ж. - Қазақ тұтыну кооперация институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
2010 ж. - Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген, біліктілігі – экономист, заңгер, экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолы:
1996-1997 жж. - ОҚО Қазығұрт ауданы бойынша салық комитетінің салық инспекторы.
1997-1998 жж. - ОҚО Қазығұрт ауданы бойынша салық комитетінің заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің аға салық инспекторы.
1998-1999 жж. - ОҚО Қазығұрт ауданы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі секторының жетекші салық инспекторы.
1999-2000 жж. - ОҚО Қазығұрт ауданы бойынша салық комитетінің тексеру бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру секторының бас салық инспекторы.
2000-2003 жж. - ОҚО Қазығұрт ауданы бойынша салық комитетінің тексеру бөлімінің басшысы.
2003-2006 жж. - ОҚО Қазығұрт ауданы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы – төраға орынбасары.
2006-2007 жж. - ОҚО Сарыағаш ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.
2007-2008 жж. - ОҚО Кентау қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы.
2008-2011 жж. - ОҚО Кентау қаласы бойынша салық басқармасының басшысы.
2011-2014 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2014-2018 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының салық мәселелері жөніндегі орынбасары.
2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
2019 жылдың 8 мамырынан - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.