Өсербай Жеңіс Әлібекұлы
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі
8392 27.09.21, 19:24
Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматыда дүниеге келген.
Білімі:
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Ақмола технология және бизнес университетін бітірген .
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист болып бастады.
2001-2002 жж. - жеке ұйымда қаржы сарапшысы.
2004-2006 жж. - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жобаларын несиелеу департаментінің бас менеджері.
2006-2019 жылдары. - жеке компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылдың шілдесінен бастап «K-Agro» ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі болды.
2021 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице -
министрі болып тағайындалды