Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы
23345 12.01.22, 15:32
Қайырбек Өскенбаев 1964 жылы 24 қазанда Астана қаласында туған.
Білімі:
1986 ж. – Қарағанды қаласындағы КСРО жоғары ІІД мектебін бітірген.
1996 ж. – Ақмола аграрлық университетін тәмамдаған.
2004 ж. – Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-ның дипломаттық академииясын бітірген. «Заңгер», «ұйымдастырушы- экономист», «халықаралық қатынастар саласындағы маман» мамандықтары бойынша білімі бар.
Еңбек жолы:
1982-1993 жж. – Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі.
1993-1996 жж. – бас заңгер кеңесші, заңды қамтамасыз ету және қадағалау бөлімінің басшысы, ҚР мемлекеттік мүлік бойынша Ақмола аумақтық жекешелендіру жөніндегі бюросының директоры.
1996-2006 жж. – ҚР Жекешелендіру жөніндегі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік комитетінің басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы, Ақмола қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша аумақтық комитет төрағасы, «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, ҚР индустрия және сауда министрлігінің сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
2006-2011 жж. – ҚР туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі.
2011-2016 жж. – «20015 әскери бөлімшесі» РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың бас басқармасының басшысы, «ҚазМұнайГаз - Сервис» ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі және ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
2016-2018 жж. – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры.
2018 жылдың 24 қаңтарынан – 2019 жылдың 20 наурызына дейін – индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
2019 жылдың 20 наурызынан – Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.
Мемлекеттік нагардалары: «Құрмет» және «Парасат» ордендері.