Оспанов Еркебұлан Сансызбайұлы
«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы» РМК директоры.
4520 10.06.22, 17:17
Еркебұлан Оспанов «Бүркіт» қатарына 2007 жылы Азаматтық авиация академиясын тәмамдағаннан кейін бірден келген.
Авиация және радиоэлектрондық техника инженері болып бастады, бөлім бастығы, авиакомпанияның авиациялық инженерлік қызметінің бастығы қызметтерін атқарды.
2018 жылдың шілдесінен 2018 жылға дейін «Бүркіт» авиакомпаниясы директорының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың 10 маусымында «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы» РМК директоры болып тағайындалды.