Оспанова Насымжан Жамбекқызы

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы  

3080
Оспанова Насымжан Жамбекқызы

Оспанова Насымжан Жамбекқызы 1969 жылы 21 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жыл - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалы, 2015 жыл - КЕББМ "Алматы Менеджмент Университеті", біліктілігі Инженер-технолог.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласындағы №18 кәсіптік лицейде өндірістік оқыту шебері болып бастады.

1992-1993 жылдары Алматы қаласындағы №18 кәсіптік лицейде мұғалім.

1993-1996 жылдары Алматы қаласындағы №18 кәсіптік лицей директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

1996-2006 жылдары - Алматы қаласындағы №18 кәсіптік лицей директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

2002-2006 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №18 кәсіптік лицей директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, директоры.

2006 - 2008 жж – Алматы технология және менеджмент колледжінің директоры.

2008-2016 жылдар аралығында Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарушы.

2017 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры.

2022 жылдың 12 қазанынан - Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу