Рақышев Кеңес Хамитұлы

Fincraft Resources АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

8443
Рақышев Кеңес Хамитұлы

Кеңес Рақышев 1979 жылы 14 шілдеде дүниеге келген. 

Білімі:

2000 ж. - Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.  

2002 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.  

2007 ж. - Oxford Business School.

Еңбек жолы:

1998-1999 жж. - ҚР ІІМ жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздік қорының кеңесшісі.

2000 ж. – «Тұран Әлем Банк» ААҚ  оқу орталығының маманы. 

2000 ж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ менеджері.

2000-2002 жж. - Intergas Central Asia ЖАҚ-та маман, содан кейін материалдық-техникалық жабдықтау департаменті маркетинг бөлімінің бастығы.

2002 ж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ ЖЭС басқармасының бастығы.

2003 ж. - «ҚазмұнайГаз» «Сауда үйі» ЖШС-те экспорт жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары.

2004-2005 жж. – «ҚазТранс Газ» АҚ маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары.  

2007 жылдың қыркүйегінен - «SAT & Company» АҚ басқарма төрғасы.

2016 жылдың сәуір- қарашасы - «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2016-2018 жж. - «Казкоммерц- life» ӨСК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2019 жылдың 4 мамырынан бастап - «Fincraft Resources» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Басқа қызметтері:

2005-2008 жж. -  «SAT & Company» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.

2004 ж. - Қазақстан Республикасы ұлттық ойын түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті.

2005 ж. - Қазақстан Республикасы СӨП одағының вице-президенті.

2007-2009 жж. - «Kazakhstan Petrochemikal Industries Inc» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі.

2009-2011 жж. - Алматы қаласы бокс федерациясының вице-президенті.

2011 жылдың сәуірінен бастап. – Азия бокс конфедерациясы вице-президенті.   

2012 ж. - Net Element International жаһандық технологиялық компаниясы директорлары кеңесінің төрағасы.

2014-2015 жж. - «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

«БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2014 жылдың желтоқсанынан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жастар кәсіпкерлігін дамыту кеңесі басшысы.

2015-2017 жж. - «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың 19 ақпанынан бастап - «SAT & Company» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2018 жылдың қазанынан бастап «Fincraft Resources» АҚ)

2018 жылдың желтоқсанынан  - 2019 қазанына дейін – Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті.

2019 жылдың 9 қазанынан - Қазақстан бокс федерациясы президенті.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу