Рақышева Әлия Ғалымжанқызы
Қазақстан Республикасы Президентінің экс-кеңесшісі
10580 05.05.20, 18:45
Рақышева Әлия 1980 жылы дүниеге келген.
Білімі:
2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясы.
Еңбек жолы:
2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы.
2002-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы.
2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі.
2007-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы.
2013-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылдың 23 қазанынан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі.