Ренат Құрметжанұлы Айтаев

Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

577
Ренат Құрметжанұлы Айтаев Фото: Ақорда

Ренат Айтаев 1976 жылы 10 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы «Демал-Шығыс» ЖШС-де экономика және қаржы жөніндегі директор қызметінен бастаған.

1999-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысының статистика органдарында жұмыс істеді.

2000-2003 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде түрлі қызмет атқарды. Ал 2003-2008 жылдары Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде басқарма бастығы болды.

2008-2009 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық қамтамасыз ету департаментін басқарды.

2009-2010 жылдары Индустрия және сауда министрлігінде салааралық үйлестіру және индустриялық саясат департаменттерінің директоры қызметтерін атқарды.

2010-2017 жылдары Премьер-министр Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде меңгерушінің орынбасары, кейін бөлім меңгерушісі болды.

2017-2019 жылдары Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары әрі әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

2019-2022 жылдары Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Парламент Мәжілісі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

«Құрмет» (2013) және «Парасат» (2022) ордендерімен, сондай-ақ ІІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу