Роман Васильевич Скляр

Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

1393
Роман Васильевич Скляр Фото: gov.kz

Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989–1990 жж. «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 жылдан бастап «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері қызметін атқарды.

1990–1999 жж. «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.

1999–2002 жж. «Тыныс» ЖШС директоры болды.

2002–2003 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарды.

2003–2005 жж. Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болды.

2005 жылғы қаңтардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2005 жылғы сәуірден бастап Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

2006 жылдан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2006–2007 жж. Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі болды.

2007–2008 жж. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметін атқарды.

2008–2010 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2010–2011 жж. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2011–2013 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі болды.

2014–2016 жж. «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті қызметін атқарды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды.

2016 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

2016–2019 жж. инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды. 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметке қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу