Руслан Қапызұлы Мағзұмов
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі
6247 13.04.22, 22:23
Руслан Мағзұмов 1975 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1996 жылы «Қарағандыавтожол» қазыналық кәсіпорнының жол қорын жинау бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.
1998-2001 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінің экономисті, жетекші экономисті, бас маманы.
2001-2003 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінде бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2003-2008 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қаржы департаментінде директордың орынбасары, директор.
2008-2009 жылдары — «ҚазАвиаЛизинг» АҚ инвестициялар және лизинг жөніндегі вице-президенті.
2009-2010 жылдары — «Қазақстандық көліктік лизингтік компания» АҚ вице-президенті.
2010-2011 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің Қаржы және құжатпен қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Қаржы департаментінің директоры, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарын бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары.
2014-2019 жылдары — «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры.
2020 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымында жұмыс істеді.
2022 жылғы ақпаннан бастап қазірге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.