Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы

ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі

8724
Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы

Руслан Тұрғаналы 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі:

2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ноттингем университетін бітірген. Мамандығы бойынша – халықаралық құқық бакалавры, мемлекеттік саясат магистрі.

Еңбек өтілі:

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің сарапшысы, нормативтік құқықтық актілер департаментінің бас сарапшысы;

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сарапшысы болып жұмысқа қабылданып, кеңесші және инспектор қызметтерін атқарды;

2016-2018 жылдары Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты басқармасының инспекторы, сектор меңгерушісі;

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кадрлар департаментін басқарды;

2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

2021 жылдың шілдесінен - ​​Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу