Руслан Сұлтанұлы Желдібай
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

37 09.09.25, 15:28
Руслан Желдібай 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
«Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.
2011-2012 жж – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор;
2012-2018 жж – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;
2018-2019 жж – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;
2019-2020 жж – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
2020 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2022 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;
2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;
2023 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қыркүйек айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы;
2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылдың 17 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
2025 жылғы 17 ақпаннан 9 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы;
2025 жылғы 9 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.