Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - «А» арнаулы мақсаттағы қызметі директоры.
23742 16.01.20, 11:38
Әнуар Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда дүниеге келген.
Білімі:
1991 ж. - Алматы зооветеринар институтын бітірген.
2000 ж. - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1992-2006 жж. - ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін ҚР Президенті жеке күзетінің әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.
2006-2012 жж. - ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары –жеке күзет департаментінің бастығы.
2012-2013 жж. - ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.
2013 жылы – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды. 2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бірінші бастығы болып тағайындалды. 2014 жылғы шілдеден – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - «А» қызметінің бастығы. 2019 жылғы маусымнан – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. 2020 қаңтардан - ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - «А» қызметінің директоры.
2013 жылдың қаңтар - наурызы – ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметі басшысы.
2013-2014 жж. - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы.
2014 жылдың сәуір -шілдесі – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бірінші бастығы.
2014-2019 жж. - ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы - ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 13 маусымынан – 2019 жылдың 17 маусымына дейін – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы.
2020 жылдың 16 қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - «А» арнаулы мақсаттағы қызметі директоры.
Мемлекеттік наградалары: 2-дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің құрметті қызметкері»